Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

9631 просмотр

Учи казахский язык с «Диапазоном» урок №24

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете всё о глаголе прошедшего времени, а также добавите знаний о государственном языке.

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете всё о глаголе прошедшего времени, а также добавите знаний о государственном языке.

Тілдескішпен танысыңыз.

Ознакомьтесь с разговорником

Тәуелсіздік – независимость

Көп ұлтты – многонациональный

Мемлекет – государство

Халық – народ

Ерекше – особенный

Тіл – язык

Мемлекеттік – государственный

Қадірлейді – уважает

Болашақ – будущее

Ұрапақ – поколение

Аманат – наследие

Байлық – богатство

Республикадын тыс – за границей

Жер беті – на земле (на белом свете)

Жуық – примерно

Өмір сүреді – живут

Араб графикасы – арабская графика

Латын алфавиті – латинский алфавит

Орыс графикасы – русская графика

Заң – закон

Қабылдану – принято

Рәміздер – символики

Әрбір азаматы – каждый гражданин

Іс қағаздары – делопроизводство

Талап етеді – требует

Елдің мақтанышы – гордость народа

Дәреже – уровень

Маңызы бар – имеет важность

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Прочтите текст, переведите на русский язык.

ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді және болашақ ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады.

Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.

Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.

1989 жылы «Тіл туралы Заң» қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан ісқағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір мемлекетте мемлекеттік тіл – елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы по тексту.

1. Қазақ тілі қандай тіл?

2. Жер бетінде шамамен қазақтардың саны қанша?

3.«Тіл туралы Заң» қашан қабылданды?

ГРАММАТИКА

ӨТКЕН ШАҚ.

ПРОШЕДШЕЕ ВРЕМЯ.

Өткен шақ іс – әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді. Өткен шақ (прошедшее время) обозначает действие, совершенное до момента речи.

Өткен шақ етістік түбіріне –ды/-ді, -ты/-ті жұрнағының жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Ауылдан кеше келді. Кітапханада кешке дейін отырды. Досыма телефон соқтым.

Өткен шақ - прошедшее время, образуется путем прибавления к основе глагола суффиксов -ды/-ді; -ты/-ті и личных окончаний. Например: Ауылдан кеше келді (Он вчера приехал из аула). Кітапханада кешке дейін отырды (Он просидел в библиотеке до вечера). Досыма телефон соқтым (Я позвонил другу).

2. Мына сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложения,

используя данные слова.

бір сағат бұрын (час назад), былтыр (в прошлом году), бұрыннан бері (давно), бір жыл ішінде (в течений года)

1.Мұрат былтыр Заң институтына түсті.

2. Азамат ...... ...... халықаралық жарыстарға қатысып жүр.

3.Мәди сабақтан ...... ...... шықты.

4. Сәуленің бойы ....... ...... ........ өсті.

3. Жаңа ғана, әлі сөздері мен жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз. Закончите предложения, используя слова жаңа ғана (только что), әлі (пока) и слова в скобках.

Үлгі: - Самат, сенің алма жегің келе ме?

-Жоқ, рахмет. Мен жаңа ғана тамақ іштім.

1. – Лаураны көрдің бе? (Мен/оны/көр)

- Иә, ....................................................

2. – Дастан демалыста ма? (Ол/Көкшетауға/кет)

- Иә, .....................................................................

3. – Ол бізбен киноға барады ма? (Ол/бұл/фильмді/көр)

- Жоқ, ...............................................................................

ДИАЛОГ ҚҰРАСТЫРЫҢЫЗ. СОСТАВЬТЕ ДИАЛОГ.

Үлгі: Сіз/ кеше /ауыл/ бару.

-Сіз кеше ауылға бардыңыз ба?

- Иә, мен кеше ауылға бардым.

Менің досым кеше опера бару

Сенбылтыр Қазақстанға келу

Сіз өткен жексенбіде қонаққа бару

Ол өткен айда жарысқа қатысу

Анар кеше сабаққа бару

Гүлнәр жаңа ғана дүкенге кету

Болат жаңа ғана көлікке отыру

«Тіл – елдің байлығы» тақырыбында шағын мәтін құрастырып, досыңызға айтып беріңіз. Составьте мини- текст на тему «Язык – богатство страны» и расскажите об этом другу.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері – опорные слова и словосочетания

22 қыркүйек Тілдер күні –

22 сентября День языков

Мемлекеттік тіл – государственный язык

Достық мекені – страны дружбы

Тойлаймыз – празднуем

Байлық – богатство

Баға жетпес – бесценное

Урок подготовлен ГККП Центр по обучению языкам при ГУ «Управление по развитию языков». По всем вопросам, с пожеланиями обращайтесь по тел.: 95-41-90. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!

Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.