Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

2179 просмотров

​Учи казахский язык с «Диапазоном» | урок №12

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. Сегодня для наших дорогих читателей мы подготовили интересные задания и не менее занимательную тему «Глагол». Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. Сегодня для наших дорогих читателей мы подготовили интересные задания и не менее занимательную тему «Глагол». Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

СӨЗДІК – СЛОВАРЬ

Кеше - вчера

Менің – мой (моя, мое, моей)

Болды - был

Туыстарымыз - родственники

Құрбылары - подруги

Келді - приехали

Шақыру - звать

Шақырдым - позвала

Дастарқанға - на стол

Өздерінің - свои

Сыйлықтарын - подарки

Сыйлады - дарили

Жайғасу - располагаться

Қонақтарды - гостей

Таныстырды - познакомила

Тілектерін - свои пожелания

Қарсы алдық - встречали

Туған күнде - на дне рождения

Ән салу - петь песни

Би билеу - танцевать

ГРАММАТИКА

Прочитайте текст. Назовите слова на тему «Еда» и придумайте заголовок

Кеше менің анамның туған күні болды. Туыстарымыз бен құрбылары келді. Мен құрбымды көмектесуге шақырдым. Біз дүкенге барып, дастарқанға ет, ірімшік, шұжық, салатқа көкөністер мен жеміс – жидектер сатып алдық. Біз әртүрлі салаттар жасадық. Бауырсақ, тәтті торт пісірдік. Кешкісін қонақтарды қарсы алдық. Олар анама өздерінің сыйлықтарын сыйлады. Қонақтар залдағы үлкен үстелге жайғасты. Анам қонақтарды бір-бірімен таныстырды. Біз дастарқанға ең алдымен қымыз бен шұбат қойдық. Содан кейін ыстық тамаққа ет пен палау, ал шайға тәтті тағамдар ұсындық.

Қонақтар ән салып би биледі. Кеш көңілді және қызықты өтті.

Найдите в стихотворных строках глаголы и поставьте к ним вопросы

Ғылым таппай мақтанба,

(не істеме?)

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаныңыз білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

(Абай)

Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік әрқашан сөйлемнің соңында тұрады.

Мысалы: оқыды (прочитал), жазып отыр (пишет), келеді (придет).

Етістік (глагол) обозначает действие предмета и отвечает на вопросы что делать? Что сделать? Етістік (глагол) всегда стоит в конце предложения.

Лондон олимпиадасында Илья Ильин әлемдік рекордты жаңартты.

Илья Ильин обновил мировой рекорд на лондонской Олимпиаде.

Ғылыми-теориялық конференция 10-да басталады.

Научно-теоретическая конференция начинается в 10 часов.

Романды екі күнде оқып шықты.

Она прочитала роман за два дня.

Биылғы қыс қатты болды.

В этом году зима была холодной.

Напишите после местоимений нужный глагол

Жазыңыз, көрсетейін, сөйлесін, сеніңіз, келіңіз, айтыңдар, барсын, кел, отырыңыздар, мініңіз, түссін, қараңыз, ән айтыңыздар, жаз, кешір, дайындаңыз, өшірейін, беріңдер, сөйлессін, танысыңыз, ұйықтасын, кіріңдер, жүрейін, ішіңіз, жесін, тыңда, жасаңыздар, тұрыңыз, тоқтаңдар, шығыңдар, отырыңдар, көріңіздер, сатып ал, жүгіріңіз, айт, келсін, барыңыз.

Мен _______________________________________

Cен ________________________________________

Сіз ________________________________________

Ол _________________________________________

Біз ________________________________________

Cендер _____________________________________

Сіздер______________________________________

Олар _______________________________________

ТЕСТ

Укажите правильный вариант ответа на вопрос

1. Мен асығыспын.

a) Азырақ.

b) Түсінбеймін.

c) Жарайды.

2. Сіз қазақ тілін білесіз бе?

a) Кешірім сұраймын.

b) Әрине.

c) Жарайды.

3. Сұрағым бар?

a) Азырақ.

b) Әрине.

c) Тыңдап тұрмын.

4. Кешірім өтінемін.

a) Оқасы жоқ.

b) Азырақ.

c) Түсінбеймін.

5. Сізбен танысуға бола ма?

a) Әрине.

b) Мен білмеймін.

c) Тыңдап тұрмын.

Урок подготовлен ГККП Центр по обучению языкам при ГУ «Управление по развитию языков». По всем вопросам, с пожеланиями обращайтесь по тел.: 95-41-90 Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!

Автор — Урок подготовили: Акмарал Сугурбаева и Шынар Тулебаева

Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.