Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

6795 просмотров

​Учи казахский язык с «Диапазоном» | урок №22

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете все о государственных символах, выучите новые слова. Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете все о государственных символах, выучите новые слова. Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

СӨЗДІК – СЛОВАРЬ

Рәміздер - Символы

Әнұран - Гимн

Ту - Флаг

Дәстүрлі - Традиционный

Өрнек - Орнамент

Еркіндік - Свобода

Байлық - Богатство

Көгілдір түс аясында -

На голубом фоне

Бейнелейді - Выражает

Күн сәулесі - Солнечные лучи

Реңдік бейнесі - Цветовая гамма

Елтаңба - Герб

Шеңбер - Круг

Шаңырақ - Часть юрты (верхняя часть)

Қанатты Пырақтар - Крылатые кони

Алтын Түс - Золотой цвет

Бес бұрышты жұлдыз - Пятиконечная звезда

ПРОЧИТАЙТЕ ТЕКСТЫ НЕСКОЛЬКО РАЗ, НАЙДИТЕ ВСЕ НОВЫЕ СЛОВА.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - тік төртбұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы - 2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы – дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.

Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі.

Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.

(«Казахский язык для всех» оқулығынан А.Ш.Бектұров, Ш.К.Бектұров)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол – Елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді.

Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.

Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

1-мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Ответьте на вопросы по тексту (текст 1).

1. Какие есть символы Казахстана?

2. Когда был принят закон о государственных символах?

3. Какого цвета государственный флаг Республики Казахстан? Что он означает?

4. Кто автор флага?

2-мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Ответьте на вопросы по тексту (текст 2).

1. Что изображено на голубом фоне Государственного Герба Республики Казахстан?

2. Что опоясывает шанырак? Как они светят?

3. Какая цветовая гамма?

4. Кто авторы герба?

ГРАММАТИКА

Келер шақ (будущее время) обозначает действие, которое не совершено, а будет выполнено после момента речи.

Мысалы: Қайсар сегодня в три часа придет. Мама сегодня вечером идет на собрание. В субботу ученики ставят концерт.

Келер шақтың индикатор сөздері – бүгін, ертең, келесі аптада, келер айда т.б.

Слова-индикаторы келер шақ – бүгін (сегодня), ертең (завтра), келесі аптада (на следующей неделе), келер айда (в следующем месяце) и т.д.

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Вместо точек вставьте нужные слова.

Айжан ертең жол ............ . Әкем келесі аптада еңбек демалысына .............. . Анам

екеуміз кешке концертке ............. . Ағам мамыр айында диплом ............. . Азамат пен Аиша кешке киноға .............. .

Қажетті сөздер: шығады, алады, барады, жүреді, барамыз.

1. Дұрыс жауапты табыңыз. Найдите правильный перевод.

1. Байрақтың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшіліктің рәмізі – күн бейнеленген.

А. Под солнцем символ свободы – орел.

2. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі – қыран бейнеленген.

Ә. Слева – традиционный казахский орнамент

3. Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар.

Б. В центре флага на голубом фоне изображено солнце как символ мира.

2 . Суретке қарап тиісті сөзді жазыңыз. Вставьте нужные слова к картинкам.

1.Байрақтың ортасында,көгілдір түс аясында бейбітшіліктің рәмізі - бейнеленген.

2. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі - бейнеленген.

3. Сол жағында қазақтың дәстүрлі бар.

3 . Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

Вместо точек в предложении вставьте соответствующие слова из «коробки».

1. Тудың .............. - Ш. Ниязбеков.

2. Күннің ............. қыран бейнеленген.

3. Тудың ............. күн орналасқан.

4. Тудың сол ......... ұлттық өрнек бейнеленген.

ТЕСТ

1. Туды басқаша қалай атауға болады? Как еще называют флаг?

а) байрақ;

ә) мата;

б) елтаңба.

2. Байрақта бейбітшіліктің рәмізі ретінде не бейнеленген? Во флаге в качестве символа мира что изображено?

а) жұлдыз;

ә) күн;

б) қыран.

3. Тудың авторы кім?

Кто автор флага?а) Ш. Уәлиханов;

ә) Ж. Мәлібеков;

б) Ш. Ниязбеков.

4. Тудың түсі қандай? Какого цвета Государственный Флаг Республики Казахстан?

а) ақ;

ә) көк;

б) қызыл.

5. Туда не бейнеленген?

Что изображено во флаге?

а) күн, жұлдыз, қыран;

ә) ою, күн, қыран;

б) қыран, ою, пырақты аттар.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

(М. Шаханов)

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Әнұранының мәтіні

Сөзін жазғандар:

Жұмекен Нәжмеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев,

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Автор — Урок подготовили: Акмарал Сугурбаева и Шынар Тулебаева

Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.