Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

6975 просмотров

Учи казахский язык с «Диапазоном» урок №22

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете всё о спортивной тематике и познакомитесь с глаголом казахского языка. Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

«Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете всё о спортивной тематике и познакомитесь с глаголом казахского языка. Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

Спорт түрі – вид спорта

Күрес – борьба

Еркін күрес – вольная борьба

Көңіл бөлінеді – уделять внимание

Спортпен айналысу – заниматься спортом

Жеңіп алды – выиграл

Спорт кешендері – спортивный комплекс

Көрсеткіш – показания

Алаң – площадь

Жақсы көрсеткіш – хорошие показатели

Жетістік – достижения

Әуесқойлық – хобби

Суға жүзу – плавать

МӘТІНДІ ОҚЫҢЫЗ. ПРОЧТИТЕ ТЕКСТ

Еркін күрес

Күрес-ұлттық спорт түрі. Еуропада грек-рим күресі, ал Азия мен Шығыста еркін күрес жақсы дамыған.

Қазіргі кезде елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Жасөспірімдер мен жастар еркін күреспен жиі айналысады.

ХХ ғасырдың аяғында елімізге гольф, теннис, велоспорт және бильярд ойындары келді. Бұл спорт түрлерін дамытуға мемлекет ерекше назар аударуда. Спорт кешендері, гольф және теннис алаңдары салынды.

Біздің еліміз теннис және велоспорт бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Лондонда өткен олимпиадада А. Винокуров алтын медальді жеңіп алды. Ол Қызылжар қаласында дүниеге келген.

Сұрақтарға жауап беріңіздер. Ответьте на вопросы.

1. Әңгіме не туралы?

2. Гольф ойыны туралы не білесіздер?

3. Еліміздегі спорт жетістіктері туралы не білесіздер?

ГРАММАТИКА

Осы шақ сөйлеп тұрған сәттегі болып жатқан не үнемі болып тұратын қимылды білдіреді. Мысалы: Мен тыңдап отырмын. Құс ұшады.

Настоящее время обозначает действие в момент речи либо действие, выполняемое постоянно. Например: Мен тыңдап отырмын. (Я слушаю) Құс ұшады. (Птицы летают).

Етістік (тұр, отыр, жүр, жатыр) + жіктік жалғау

1. Көп нүктенің орнына етістіктерді жазыңыз.

Вместо пунктиров впишите глаголы.

Мен қазір футболда .................................................

Мен қазір бөлмеде ....................................................

Сен теннис алаңында .............................................

Сіз стадионда ..............................................................

Ол қазір бокс көріп ....................................................

Қажетті сөздер: отыр, жүр, жатыр және

жіктік жалғаулары: -сың, -мын, -сіз;

2. Осы шақтағы сөздерді табыңыз.

Найдите слова в осы шақ (настоящем времени).

Ертең қалада жаңбыр жауады.

Ол би билейді.

Олар қазір диванда отыр.

Атамыз бен әжеміз ауылға кетті.

Менің қызым үшінші сыныпта оқып жүр.

Арман университетті бітірді.

Теледидардан президент сөйлеп жатыр.

3. Суреттерді пайдаланып, спорт түрлеріне қатысты ауызша сөйлем құраңыздар.

Используя рисунки, придумайте предложения про виды спорта.

Автор — Урок подготовили: Акмарал Сугурбаева и Шынар Тулебаева

Комментарии 1

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.

  • dalg781

    dalg781

    https://soundcloud.com/user-435113375/koblandy-1

    0
    0