Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

6723 просмотра

Учи казахский язык с «Диапазоном» | урок №6

ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:Киім – адам көркі. Одежда – облик человека.

ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:

Киім – адам көркі. Одежда – облик человека.

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:

Көптік жалғауы. Окончание множественного числа.

СӨЗДІК – СЛОВАРЬ

Бүгінгі сабақта сіздер осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздер қатарымен таныс боласыздар.

На сегодняшнем уроке вы узнаете еще ряд новых слов и выражений к этой теме.

маусым, уақыт, мерзім, мезгіл – время, сезон

көктем – весна

жаз – лето

күз – осень

зима – қыс

етік – сапоги

су етік – резиновые сапоги

тон – шуба

пима, байпақ – валенки

бәтеңке – ботинки

жылы киім – теплая одежда

маусымдық киім – сезонная одежда

қолғап, биялай – варежки, перчатки

күртеше – куртка

қалың, жылы – теплая

әрине – конечно

әрбір – у каждого

өз – своя

жеңіл көйлек – легкое платье

жейде – рубашка

керек – нужно

тамаша – прекрасный, дивный

барлық – все

ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқыңыз. Прочтите текст.

Біздің қаламызда «Сәтті» киім дүкені ашылды. Онда әйелдер мен ер адамдардың және жасөспірімдердің сәнді киімдері сатылады. Ұл балалар ақ жейде, қара көк костюм-шалбар, галстук, баскиімдер мен спорттық киімдерді таңдай алады. Ал қыздар ақ көйлек, қара көк белдемше, жазғы аяқкиім, әдемі қолғап, түрлі әшекейлер сатып алуларына болады.

Құрбым екеуіміз жеңіл әрі сәнді туфли сатып алу үшін «Сәтті» дүкеніне бардық .Маған қызыл түсті спорттық киім де ұнады. Біз туфли мен спорт киімін сатып алдық.

Көптік жалғаулы сөздерді табыңыз

Найдите слова с окончаниями множественного числа

1. Кітапта суреттер жоқ.

2. Сіздер ертең театрға барасыздар ма?

3. Дүкеннен сәнді киімдер сатып алдым.

4. Бұл жарысқа студенттер қатысты.

5. Маржанға күміс сағат сыйладым.

6. Бүгінгі кеш жастардікі.

7. Көшеде көліктер саны көп.

Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз.

Присоедините окончания множественного числа к приведенным словам.

Шалбар, етік, жейде, күртеше, белдемше, қарындаш, қалам, көйлек, көзілдірік, қалпақ, қолшатыр.

СӨЙЛЕСІМ

Сұхбатты оқыңыз

Прочтите следующие диалоги.

- Салем, Эльдар!

- Сәлем Жәңгір!

- Халің қалай?

- Рақмет, жақсы. Сенің ше?

- Жаман емес!

- Жәңгір, кешке бос уақытың бар ма? Бүгін менің туған күнім, мейрамханаға барамыз.

- Туған күнің құтты болсын! Қай мейрамхана? Мекенжайы қандай?

- Кеш «Дастарқан» мейрамханасында болады. Мекенжайы: Абай көшесі, жиырма алтыншы үй.

- Мен кешке барамын. Эльдар мен әдемі жейде сатып алдым, бүгін кешке киіп барамын.

- Қандай жейде?

- Қара сәнді жейде. Аяқкиім, шалбар да алдым.

- Құтты болсын!

Урок подготовлен ГККП Центр по обучению языкам при ГУ «Управление по развитию языков». По всем вопросам, с пожеланиями обращайтесь по тел: 95-41-90 Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!

Автор — Урок подготовили: Акмарал Сугурбаева и Шынар Тулебаева

Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.